ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР СУДА ЖҮЗУДЕН РЕКОРД ЖАҢАРТТЫ
Алматы қаласында 6 қараша күні суда жүзуден Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатының екінші күні аяқталды. Су айдынындағы елішілік додада кіл мықтылар өнер көрсетті. Айтулы жарыста Түркістан облысының спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп рекорд жаңартты.
2014 жылы қойылған рекордты 10 секундқа жаңартқан Ботагөз Оспанова 4×200 метр эстафета еркін жүзуде алтын медаль алды. Ал, 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Аделаида Пчелинцеваға тең келер қарсылас болмады. Айта кетейік, ел чемпионатына 21 командада 233 спортшы қатысты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі