Атқарылар жұмыстың жоспары түзілді

Іскер әйелдер қауымдастығының кезекті мәжілісі өтті. Күн тәртібінде қойылған мәселелердің алғашқылары — 2025 жылдың маусым айына дейін атқарылатын жұмыстың жоспарын түзу болды. Іскер ханымдар күнтізбелік мерекеге сәйкес өтетін шараны бекітіп, бірлесе жұмыс жасайтындарын алға тартты.

Бүгінде қауымдастықтың қатары жаңа құраммен толығуда. Басқосуға қатысқандары өздерін, кәсіптерін таныстырып қауымдастықтың мақсат-міндеттерін ұғынды. Сондай-ақ мәжілісте «Жас Қанат» көшбасшысының орынбасары көпшіліктің дауыс беруімен сайланды.

Іскер ханымдар күн тәртібінен тыс ұсыныс-пікірлерін айтып, тың идеяларымен бөлісті. Түрлі жобалар аясында кеңінен таныс болуы үшін, тәжірибе алмасу мақсатында тығыз байланыста болуға уағдаласып тарасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *