Сарыағаштық кәсіпкер келіншек ерекше жиһаз шығаруды қолға алды

Сарыағаш қаласы тұрғыны, көпбалалы ана А. Қалбаева “Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы” аясында іске асырылатын мемлекеттік қайтарымсыз грантты ұтып алған болатын. Қазіргі таңда ол ротангтан жасалған жиһазды шығарады.

Кәсіпкер бұл өнім жақын арада шетелдік өндірушілерді ығыстырады деген сенімде. Өйткені, ол сапасы жағынан қытайлық және түркиялық өнімнен кем түспейді әрі бағасы да екі есе арзан.

Бүгінде А. Қалбаева 2 адамды жұмыспен қамтып отыр. Орайы келгенде айта кетейік, біздің өңіріміздің қыз-келіншектер тек отбасының ұйытқысы ғана болып қоймай, қоғамның барлық саласында жемісті еңбек етіп келеді. Әсіресе, кәсіпкерлік, бизнес саласындағы ханымдардың үлесі жыл санап артуда. Түркістан облысында әйелдер қауымы барлық салада белсенділік танытуда. Облыс көлемінде шамамен 213 мыңнан астам кәсіпкер бар.  Оның 68 мыңы – қыз-келіншектер. Яғни шағын және орта кәсіпкерліктің 31%-ында іскер ханымдар  басшылық жасап жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *