Гүлназға қамқорлық танытты
Ерекше бала – болашақ дана. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар қазіргі қоғамның ерекше бір бөлшегі. Созақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Созақ ауылдық модельді кітапханасында Халықаралық қайырымдылық күніне орай «Мейірімділік әлемді құтқарады!» атты тақырыпта іс-шара өткізді. Іс-шара аясында кітапхананың ерекше дарынды оқырманы Гүлназ Шахабқа ерекше құрмет көрсетілді. Кітапханашы Гүлзина Балтабаева қайырымдылық, мейірімділік туралы ертегілерді дауыстап оқып берді.
Өңіріміздегі ардақты аналарымыз тек отбасының ұйытқысы ғана болып қоймай, қоғамның барлық саласында жемісті еңбек етіп келеді. Солардың бірі ретінде кітапханашы Гүлзина Балтабаеваны айтуға болады. Реті келгенде айта кетейік, Жалпы, облыста 395 кітапхана бар. Оның 18-і – аудандық орталық, 18-і – аудандық балалар кітапханасы, қалғандары – ауылдық кітапханалар. Төрт ауылда қосымша балалар кітапханасы жұмыс істейді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 ауылдық кітапхана «модельді кітапханалар» қатарына енген. Яғни олар интернетпен және газет-журналдармен толыққанды қамтылған, кітап қорын жаңартып отыру мәселесі де қарастырылған.