Түркістан облысында сапасыз салынған 70 мың шаршы метр асфальт қайта төселді

Ұлттық сапа орталығы бірнеше мердігердің жұмыс барысындағы  «шалалығын» әшкере етті.  Орталық инженерлері биыл облыстық жолдарға 734 рет тексеруге шығып, 2581 сынама алған. Оның 767 нормаға сай болмай шықты. Бас-аяғы 444 ақау анықталған.  Нәтижесінде мердігерлер 328 млн 966 мың теңгенің жұмысын қайта істеуге тура келген. Айталық,  37 мың шаршы метр жолдың негізгі қабаты қайта салынып, 70 мың  шаршы асфальт қайта төселген. 25 мың шаршы метрге жуық жол төсемі тегістелді. Ұлттық сапа орталығының Түркістан облыстық  филиалы мамандары құрылыс жұмыстарына немқұрайлы қараған техникалық қадағалаушыларды да анықтап, өңірлік сәулет және қалақұрылысы басқармасына 7 бірдей хат жолдаған. Нәтижесінде 4 техқадағалаушы лицензиясынан айрылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *