Балалардың болуы ажырасу үшін тежеуші фактор болып табылмайды
«2019 жылы ажырасу коэффициенті 2016 жылмен салыстырғанда 2,92-ден 3,23-ке дейін өсті, 2020 жылы осы коэффициенттің төмендегені байқалады (2,56). Өңірлік бөліністе 2020 жылы ажырасудың жалпы коэффициенті бойынша Павлодар облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы бірінші орында: әрбір мың тұрғынға 3,6 ажырасқан жұп. Екінші орында – Солтүстік Қазақстан облысы (3,55), үшінші орында – Қарағанды облысы (3,33). Ажырасудың ең төмен коэффициенті Түркістан облысында (1,31), Шымкент қаласында (1,87) және Маңғыстау облысында (1,96) байқалады», — делінген гендерлік саясатты дамытуға арналған тұжырымдамада.
Отбасылық қатынастар саласындағы зерттеулер отбасының дағдарыссыз дамуы іс жүзінде мүмкін емес екенін көрсетеді, алайда бұл әрдайым некенің бұзылуына алып келмейді. Некенің бұзылуына әртүрлі себептер негіз болуы мүмкін, бірақ әрбір ерлі-зайыпты жұп үшін олар жеке-дара. Респонденттер жауаптарының деректері көрсеткендей, ажырасулардың неғұрлым көп таралған себебі: ерлі-зайыптылардың опасыздығы, екінші отбасының пайда болуы, келесі жағдай – туған-туыстардың отбасылық өмірге араласуы. Ұдайы қайталанатын үйдегі зорлық-зомбылық, маскүнемдік, қызғаныш ажырасудың себептері ретінде көрсетіледі, содан кейін материалдық себептер: жұмыссыздық, қаражаттың жетіспеушілігі.
Мәселен, аталған тұжырымдамада «Ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылар жиі ажырасады және олардың үлесі 34,9 %-ды құрады. Екі және одан да көп ортақ балалары бар жұптар арасындағы ажырасу үлесі – 33,3 %, бір ортақ баласы бар – 31,8 %» делінген. Бұл деректердегі айырмашылық аз ғана болғандықтан, балалардың болуы ажырасу үшін тежеуші фактор болып табылмайды деген тұжырым жасауға болады.