«Жанұя», «Бақытты отбасы» орталығы қиын жағдайға тап болғандарға көмектеседі

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды. Президент бұған дейінгі халыққа арнаған Жолдауларында әйелдер мен балаларға жасалатын зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған-ды.

Шынында да соңғы жылдары отбасындағы зорлық-зомбылық оқиғаларының тым көбейіп кеткені жасырын емес. Соның салдарынан елімізде шаңырақтың шайқалуы, балалардың жетім қалуы, ажырасу сияқты халқымызға жат көріністер белең алды. Әйелге, балаларға қол көтеру фактілері жиілей бастады. Білуімізше, бұрындары мұндай жағдайлар әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларда кездесетін болса, кейінгі жылдары материалдық жағдайы жақсы, үлгілі отбасылар арасында да зорлық-зомбылық деректері жиі тіркелетін болды. Зардап шеккен әйел көп жағдайда жәбірленушіні заң бойынша жауапқа тартуға қауқарсыз болатын. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа занда осындай олқылықтардың барлығы ескерілген.

Бүгінде еліміздің әр өңірінде дағдарыс орталығы жұмыс істей бастады. Одан бөлек барлық өңірде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» ақпараттық-ағарту акциясы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, «Жанұя», «Бақытты отбасы» секілді отбасыларды қолдау орталығы жұмыс істеуде. Бұлардың барлығы да қиын жағдайға тап болған адамдарға  психологиялық, әлеуметтік қолдау көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *