Сайрамдық ұстаз халықаралық дәрежедегі диплом мен сертификатпен марапатталды

“Халықаралық біліктілікті арттыру ұйымы Qazsaq Media Group” Халықаралық ғылыми-тәжірибелік «Global teaching» конференциясына Қарасу ауылындағы №74 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ділдән Нұрилла Әділбекқызы шақырылған. Аталған ұйымның хабарламасы арқылы білімін арттырып, бірнеше елден келген педагог қызметкерлерімен тәжірибе алмасып қайтты. Ол халықаралық «ХХІІ Global teaching Dubai» бағдарламасы аясында Дубай қаласында өткен 108 сағаттық семинарына белсенді қатысып, өзінің ғылыми ізденістері мен озық тәжірибесімен бөлісті.
— Жасанды интеллект білім беруді қоса алғанда, әртүрлі салаларда көбірек қолданылады. Аталған технологиясын білімге біріктіру, білімді қалай үйренетінімізді, оқытатынымызды және бағалайтынымызды өзгертуі мүмкін. Білім беруде жасанды интеллектті қолданудың артықшылықтары мен қиындықтары талқыланады. Мысалы, оқушылардың белсенділігін арттыру, мұғалімдерге жүктемені азайту және жасанды интеллект алгоритмдеріндегі ықтимал қателіктер, — дейді зерттеуші ұстаз.
Семинардың қорытындысына сәйкес, жаңашыл ұстаз «Білім саласындағы жасанды интеллект» тақырыбында баяндаманы үздік қорғағаны үшін халықаралық дәрежедегі сертификат және І, ІІ немесе ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Облыстағы орта білім ұйымдарында 64 983 педагог қызмет етеді. Олардың 2 447-сі магистратура, 59 538-і жоғары оқу орнын, 887-сі техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітіргендер. Педагогтардың 65,2 пайызының тиісті санаттары бар. Ал, мектепке дейінгі ұйымдарда 13701 педагог жұмыс істейді. Олардың 128-і магистратура, 8080-і жоғары оқу орнын бітіргендер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *