Әрбір 5-ші бала тек бір ата-анасы бар отбасында өмір сүруде

«Қазақстандық отбасылар – 2020» ұлттық баяндамасының деректеріне сүйенсек, елімізде әрбір 5-ші бала тек бір ата-анасы бар отбасында өмір сүруде.

Түркістан облысы – демографиялық өсімі жоғары аймақ.

Бүгінгі таңда өңірімізде 400 мыңнан аса отбасы бар.  Көпбалалы батыр аналардың басым бөлігі Түркістан облысында тұрады. Сондықтан ана мен бала құқығын қорғау, ардақты аналардың жан-жақты дамуына жағдай жасау – үлкен міндет.

Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның баяндауынша, бүгінде өңірімізде «Бақытты отбасы», «Жанұя», «Шаңырақ» секілді тың жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, «Отбасын қолдау орталықтары» да ашылған.

Түркістан қаласында «Қамқорлық» отбасы орталығы өз жұмысын жалғастыруда. Отбасы орталығы негізгі 10 бағыт бойынша жұмыс жүргізеді. Олар: психологиялық қолдау көрсету, құқықтық жәрдем беру, үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыс жүргізу, медиаторлармен бірлескен жұмыс (отбасындағы проблемалармен ажырасудың алдын алу, құқықтық көмектер) жүргізу, өз кәсібін игеруге ықпал ету, үй жағдайында жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу, денсаулық сақтау және және көші-қон бойынша мәселелерін шешу, тұрғын үй мәселелері бойынша көмек көрсету, мұқтаж аналарға арналған курстарды ұйымдастырып, оқыту және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету.

Бүгінде орталықта кондитерлік, тігіншілік, компьютерлік сауаттылық, шаштараз, СММ кәсібін меңгеру, маникюр-педикюр, массажист, дефектолог-логопед мамандарды даярлау да қолға алынған. Облыста зорлық-зомбылық мәселелерді шешу бойынша 2 дағдарыс орталығы жұмыс істеп тұр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *