Алматыда Түркістан облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Екі күн бойы, 23-24 қазанда Алматы қаласында Түркістан облысы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтеді.

Алматылықтарға өзінің өнімін Түркістан облысының 14 ауданы мен 2 қаласының (Арыс, Кентау) фермерлері ұсынады.

Фермерлер ұсынатын ассортимент ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдерінің, сондай-ақ ұн, жармалар, өсімдік және жануарлар майы мен басқа да өнімдердің 50-ден астам атауын қамтиды.

Өнімнің жалпы көлемі 367 тоннаны құрайды:

ет өнімі – 55 тонна;

жеміс-көкөніс өнімі – 190 тонна;

сүт өнімі – 25 тонна;

балық өнімі – 5 тонна;

өзге де өнімдер – 92 тонна.

Жәрмеңке сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін Шевченко көшесінің бойында Қонаев көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі («Ғылым ордасы» РМО Археология мұражайына қарама-қарсы) мекенжайда өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *