Өзбекстанда болған жарылыс дүмпуі Мақтаарал ауданында естілді

Ауданда құрылған төтенше жағдайлар комиссиясы шұғыл түрде Жамбыл, Бірлік, Иіржар, Еңбекші ауылдық округтері мен Атакент кенті бойынша зардап шеккен әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің бар-жоғын анықтау бағытында жұмыстар жүргізуде.

«Бүгін, Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында жедел штаб отырысы өтті. Өзбекстан Республикасы тарапынан беріліп жатқан ақпарат көздеріндегі мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда Мақтаарал ауданының тұрғындарына қауіп жоқ»-делінген Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан ақпаратта.

Бұған дейін хабарланғандай, түнде Өзбекстанның Сырдариядағы әскери қоймасында жарылыс болды. Желілерде тараған видеолар мен фотосуреттерден жарылыс толқыны ғимараттардың терезелері мен құрылыстарын зақымдағанын байқауға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *