Кентауда республикалық экоакция басталғалы 25 мың түп гүл, 8 500 тал көшеттерін отырғызылған
«Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығының аяғында Кентау қаласында сенбілік өтті. Жасыл желекті Кентау қаласында көгалдандыру бойынша бірқатар ауқымды істер атқарылуда. Қала әкімі Жандос Тасов және мекеме басшылары, қызметкерлер көше бойларына тал көшеттерін отырғызып, қала тазалығына белсенді атсалысты.
Қала басшысы тұрғындарды қала тазалығын сақтауға, табиғатты аялап, экобелсенді болуға шақырды. Сенбілікке қала-ауыл тұрғындары, медицина және білім мекемелері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, коммуналдық саланың барлық мекеме қызметкерлері қатысты.
Жалпы осы сәтке дейін саябақ аумағы мен аллеяларға 25 мың түп раушан гүлдері егіліп, 8500 тал көшеттері отырғызылған.