Жас шенді ару – Жансая Омарханқызы
Ішкі істер саласына қызметке енді орналасқан жас мамандар жетерлік. Солардың бірі патрульдік полиция батальонының инспектор психологы- Жансая Омарханқызы.
Жансая алғашқы қызмет жолын Полиция департаментінің Құжаттамалық қаматамасыз ету бөлімінің іс-жүргізу инспекторы лауазымынан бастаған. Өзін түрлі салада сынап көргенді жақсы көретін шенді ару, Штаб басқармасының іс-жүргізу инспекторы қызмет атқарған. Содан полицей болуды армандаған Жансая, барлық сынақтардан өтіп, соңында жемісін көріп, иығына жұлдық тақты.
Қазіргі таңда әр ұжымның моральдық–психологиялық ахуалы мен жеке құрамның психологиялық көңіл-күйіне зерттеу жүргізеді.
Біз де Жансая қыздың қызметіне табыс тілей отырып, биік белестерден көріне беруіне тілекшіміз !