Жартытөбе ауыл округіне қарасты елдімекен тұрғындары сапалы электр қуатымен қамтылады
Сарыағаш ауданында 63 елді мекеннің барлығы электр қуатымен қамтылған. Сарыағаш ауданы бойынша елді мекендердің және көшелердің иесіз электр желілері анықталып, ауданның коммуналдық теңгеріміне алынып, сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда қазіргі таңда 2 нысанның құрылыс — монтаж жұмыстары жүргізілуде. Олардың бірі «Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Жылысу елді мекені электр қуатымен қамтамасыз ету және трансформатор құрылысы» жобасы. Бұл 2022 жылдан 2024 жылға өтпелі нысан.
Екіншісі «Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Еңкес елді мекені электр қуатымен қамтамасыз ету құрылысы» жобасы.
Одан бөлек, тағы да 2 нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, қазіргі таңда 5 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген.
Сондай-ақ, бүгінде ауданда 4 нысанның жобалау — сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен тиісті қаржыларды сұратуға қажетті құжаттар жинақталуда. Атап айтар болсақ, олар: Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Төңкеріс елді мекені көшелерін электр желілері және трансформатор желілері құрылысы, Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Құрама елді мекені көшелерін электр желілері және трансформатор желілері құрылысы, Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Ынтымақ елді мекені көшелерін электр желілері және трансформатор желілері құрылысы, Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Бостандық елді мекені көшелерін электр желілері және трансформатор желілері құрылысы.