Жылына 1 млн дана киім-кешек пен төсек орын бұйымдарын шығаруға қауқарлы

Сайрам – облыста халқы ең тығыз орналасқан аудан. Жақында облыс әкімі Дархан Сатыбалды сансыз баптар мекеніне арнайы жұмыс сапарымен барып, кәсіпкерлермен кездесті.

– Түркістан облысында бәсекеге қабілетті салалардың кластерлерін қалыптастыруға барлық мүмкіндік бар. Агроөнеркәсіп кешенінің құрамдас бөлігі саналатын тоқыма өнеркәсібінде мақтаны өңдейтін кластерлер өркендеуі мүмкін. Сондай-ақ, тігін кластерін құрудың мүмкіндігін қарастыруға болады. Мақтадан дайын өнім шығарсақ, жаңа жұмыс орындары пайда болады. Осы бағыттарға басымдық беріледі. Өңірдегі тігін фабрикаларының мүмкіндіктері сараланып, мемлекеттік қолдау көрсету жолдарын қарастырамыз, – деді Дархан Сатыбалды.

Бүгінде балық шаруашылығымен айналысушыларға мемлекет тарапынан тиісті жеңілдіктер, субсидиялар беріліп отыр. Облыс әкімі Қайнарбұлақ ауылдық огругі, Тоған ауылындағы «Көмеш балық» шаруа қожалығының балық өсіру жұмысымен танысты. Тауарлы балық өсіретін шаруашылық 2017 жылы құрылған. Жоба құны – 750 млн теңге. Жылына 721,6 тонна балық өндірілетін шаруа қожалықта «сазан», «ақ амур», «ақ тұқы», «судак» балықтары өсірілуде. Мұнда 19 адам жұмыспен қамтылған. 259 га жер телімінде тауарлы балық өсіретін 13 тоған бар. Бүгінде қожалықта жасанды түрде шабақ өндіру, тауарлы балық өндіру, қыстау тоғандарында аталық-аналық күтіп баптау қызметтері жүзеге асып жатыр.

Бұдан кейін өңір басшысы Ақсукент ауылы, Қарабұлақ тасжолының бойында орналасқан «АХБК» ЖШС-нің тігін фабрикасына аялдады. 2018 жылдың қараша айында іске қосылған фабрикада арнайы формалар, әскери киімдер, төсек-орын бұйымдары тігіледі. Шағын кәсіпорын жылына 1 млн дана киім-кешек пен төсек орын бұйымдарын шығаруға қауқарлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *