Төлебиде 150 отбасыға «Рамазан қоржыны» табысталды

Рамазан айы қарсаңында Төлебидегі «Нұр» мешітінің бас имамы Үсен Сауырбаевтың бастамасымен 150 отбасыға азық-түлік қоржындары үлестірілді. Қайырымдылық шара «Куаныш Ешенқұл» жеке қорының демеушілігімен өтті. Рамазан қоржынына әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, аудан аумағындағы мешіттерде еңбек ететін азаматтар ие болды.
Жиында ауданның бас имамы қайырымдылықтың сауабы мол екендігін айтып, демеушілік жасаған қор басшысына алғысын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *