Еден жуушы мектеп оқушысының ұялы телефонын қолды қылған

Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары барысында ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 43 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.
Белгілі болғандай, ұрлық қылмысына барған күдікті әйел мектепте еден жуушы болып жұмыс жасаған.
Оқиға болған күні ол спорт залдағы қыздардың киім ауыстыру бөлмесін тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде сөреде тұрған «Oppo A53» маркалы ұялы телефонын жымқырып кеткен. Ұрлап алған ұялы телефонын әйел сатып жіберген.
Тәртіп сақшылары күдіктінің сатып жіберген ұялы телефонын тауып, заңды иесіне табыстады. Қазіргі таңда күдікті әйелдің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *