Келестік сақшылар «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күнін атап өтті

Келес аудандық полиция бөлім қызметкерлері мәденеит үйінің өнер қайраткерлерімен бірлесіп, салт-дәстүріміз саналатын «баланы бесікке салу» рәсімін өткізді. Аталмыш шарада аталған салт-дәстүріміздің маңыздылығы, ағайынның ауызбіршілгін татулығын дәріптейтін, жас отбасылардың сыйластығын арттыратын, қазақи болмысымызды паш ететін орны ерекше дәстүр екенін көпшілікке насихаттады.
Сондай-ақ мәдениет үйінің өнер қайраткерлері ең басты ұлттық құндылықтарымыздың бірі саналатын музыкалық аспабымыз «домбыра» туралы қысқаша түсіндіріп, оның маңызды құндылығымен бөлісті.
Шарадан соң ежелгі сақ патшалығының патшайымы «Томирис» туралы отандық фильм қойылып, жеке құрам қызметкерлерінің назарына ұсынылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *