Жетісай ауданында ІІО мен Ауған соғысының ардагері Әлібек Шүкірбаевтың есіміне бастауыш сыныбы ашылды
Жетісай ауданындағы Мәншүк Маметова атындағы жалпы орта мектепте кездесу өткізілді.
Мұндағы негізгі мақсат- 9 мамыр Жеңіс күніне орай жастармен кездесіп, Ішкі істер органдарында ұзақ жылдар адал қызмет атқарып, құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайтуға үлес қосқан ардагер батырларды таныстыру.
Сонымен қатар мектепте Ішкі істер органы мен Ауған соғысының ардагері Әлібек Шүкірбаевтың есіміне бастауыш сыныбының ашылуы. Салтанатты шарада ПБ-нің қызметкерлері аға буын өкілдеріне өз құрметтерін көрсетіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді. Жасөспірімдерге үлгі-өнегесі мол әңгіме айтылып, ерекше мазмұнды шара ұйымдастырылды.