Түркістан облысында 300-ден астам мектеп «Starlink» интернет желісіне қосылады

Сала мамандарының айтуынша білім ордаларын «Starlink» жоғары жылдамдықты спутникті интернет желісіне қосу жобасы биылғы жыл ішінде жүзеге аспақ. Сонда өңірдегі 330 мектептегі интернет мәселесі өз шешімін табады. Ал, қалған 60 мектеп «Қазақтелеком» АҚ тарапынан «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылады.

«Түркістан облысы бойынша 909 мемлекеттік мектеп бар. Оның ішінде 530 мектеп талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы жылдамдығы 20 Мбит/с-тан жоғары интернет желісімен қамтылған. Ал, 264 мектеп шекара маңында және таулы аумақтарда орналасуына байланысты радиокөпір технологиясы арқылы интернет желісіне қосылған. 115 мектеп техникалық мүмкіндігіне байланысты жылдамдығы 512 кб/с — 8 Мбит/с құрайтын сапасы төмен интернет желісімен жұмыс істеп келеді. Жалпы, өткен жылы төмен жылдамдықты интернетпен қамтылған 390 орта білім беру ұйымдарының тізімі жасалды» — делінген Түркістан облысы білім басқармасы ұсынған ақпаратта.

Айте кетейік, бұдан алдын Қазығұрт ауданына қарасты Аққұм ауылының мұғалімдері күнделік толтыру үшін жол бойында интернет қуалап жүретіні жайында жазған болатынбыз. Ноутбуктерін көтеріп алған мұғалімдер интернет пайдалану үшін ауылдағы қыр басына шығуға мәжбүр болған.

Түркістан облысы білім басқармасы бұл мәселеде шешімін тапқанын жеткізді.

«Мектепке «Транстелеком» өткен жылы радиомост арқылы жылдамдығы 20 Мбит/с болатын интернет қосты. Қазіргі таңда 12-20 Мбит/с аралығында жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, ауылға Kcell компаниясы 4G жылдамдықтағы актив байланысын орнатты» — делінген ведомства ұсынған ақпаратта.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *