Түркістан облысының полицейлері 25 бас қошқарын ұрлап кеткен екі күдіктіні қолға түсірді

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын мал ұрлығы жөнінде шағымданды. Ер адам арызында әр қайсының құны 70.000 мың теңге тұратын 25 бас қошқарын белгісіз біреудің ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге 1.750 000 теңге шығын келген.
Тәртіп сақшылары ұрланған қойларды иесіне тауып беру мақсатында жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Көрген-білгендерден жауап алып, жақын аймақтарды тыңғылықты қарап шықты. Полицейлердің жедел жүргізілген іс-шараларының нәтижесінде, күдікті ретінде жұмыссыз жүрген 35-36 жастағы екі ер адамды ұстады. Олар көрші ауылдың тұрғындары болып шықты.
Белгілі болғандай, күдіктілер түнгі уақыт 3:00 шамасында жәбірленушінің қора жайына заңсыз кіріп, қорада тұрған қошқарларын айдап алып кеткен. Содан малдарды үйіне алып келіп, таныс туысына сатып жіберген. Ал одан түскен ақшаны өзара бөлісіп алған. Сондай-ақ тексеру барысында екі күдіктінің бұрын сотты болғандары анықталды.
Тәртіп сақшылар ұрланған қошқарларды тауып, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда екі ер адам қамауға алынып, ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі «Мал ұрлығы» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *