Шымкентте жемқорлыққа қарсы еріктілердің саны 100-ге жетті
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына белгілі актерлер Медет Аманбаев пен Берік Айтжанов қосылып, мегаполистегі еріктілердің саны 100-ге жетті.
Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні қарсаңында өткен салтанатты іс-шарада өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен жұмыстың қорытындылары қаралып, жемқорлыққа қарсы тақырыптағы конкурстардың жеңімпаздары, сондай-ақ БАҚ өкілдері, еріктілер мен қоғам белсенділері марапатталды.