Түркістан облысының полицейлері көлік жүргізушісінен 2 келі есірткі тәркіледі

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, патрульдік полиция батальоны және Түлкібас ауданының инспекторлары бірлесіп, арнайы операция нәтижесінде есірткі тасымалдаған күдіктіні анықтады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында, Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолының 594 шақырымында Түлкібас ауданы тұрғынының басқаруындағы «ВАЗ» маркалы автөкөлігі тоқтатылды. Жедел уәкілдер тінту кезінде автокөлік салонынан арнайы хош иісі бар өсімдік тектес есірткі заты бар қапшықты тапты.
Алынған зат сараптамаға жіберіліп, қорытындысы бойынша қапшықтың ішіндегі 2 келіден асатын «марихуана» зат болып шықты.
Аталған факті 296-бабы 1-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеді.
Қазіргі таңда есірткі заттарын заңсыз тасымалдау дерегіне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *