Туризм – Түркістан экономикасының драйверіне айналып келеді

Жыл басынан бері Түркістан облысына 470 мыңнан астам турист және 1 миллионға жуық визитер келген. Туризм саласына 69 млрд теңге инвестиция тартылған. Осы арқылы 19 туристік инвестициялық жоба аяқталып, пайдалануға берілді. Биыл 35 млрд теңгенің 10 жобасы іске қосылады.
Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының мәліметінше, орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі өткен жылы 5 млрд. теңгеге жеткен, биылғы 1-тоқсанының қорытындысымен 1 млрд. теңгені құрап отыр. Туристік қызмет саласының негізгі капиталына салынған инвестиция 2022 жылы 68,9 млрд. теңге болса, биыл 5 айда 10,8 млрд. теңгеге жеткен.
Өңірде туризмді дамыту бойынша облыста 3 негізгі бағыт айқындалған. Тарихи-танымдық бағытта туристерге 1 770 тарихи-мәдени ескерткіш қызмет көрсетеді. Экологиялық туриз бойынша облыс аумағында 4 ерекше қорғалатын табиғи нысан орналасқан. Олар: «Ақсу-Жабағылы» және «Қаратау» қорықтары, «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркі, «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркі. Экологиялық туризмді дамыту үшін 30 туристік маршрут құрылған. Емдік-сауықтыру туризмі бағытында 72 емдік сауықтыру орны жұмыс істейді. Олардың сыйымдылығы 7 940 төсек-орынға жетіп отыр.
Сондай-ақ, жыл аяғына дейін тағы 2 емдік-сауықтыру кешенін пайдалануға берілмек.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *