«Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Бүгінгі күннің қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осыған байланысты Созақ ауданы Шолаққорған ауылының үш бірдей мектебінде жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын жетілдіру максатында арнайы дәрістер өткізілді.
Аталған шарада Созақ АПБ бастығының орынбасары Е.Оралбаев Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде, тергеуші Д.Жансеит Н.Төреқұлов атындағы ІТ лицей-мектебінде және тергеуші С.Мади Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінде дәріс оқыды. Жоспарға сәйкес оқу орындары «Қылмыстық құқық бұзушылықтың ұғымы, қылмыстық жауапкершіліктің негізі» тақырыбында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру туралы мәліметтерді айтып өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *