Мерекелік марапаттар табысталды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының 31 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мәжіліс залында салтанатты жиын болып өтті.

Елімідің Әнұраны орындалғаннан кейін салтанатты жиынды ашып, құттықтау сөз сөйлеген департамент басшысы, әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков департамент қызметкерлерінің, департаментке қарасты мекемелердегі қызметкерлердің, жеке құрамның тәртіптілікті сақтаудағы, қырағылықты күшейтудегі күн демей, түн демей атқарып жатқан еңбектеріне тоқталып, алғысын білдірді.

-Бүгін Қазақстан полициясының құрылған күні. Тәртіп бар жерде қоғам дамиды, береке-бірлік болады, еліміздің азаматтары алаңсыз еңбек етеді, бала-шағамыз білім алып, болашаққа бағдар түзейді. Осындай игі істердің барлығының басы-қасында сіздер жүрсіздер. Ауыр да абыройлы қызметтеріңіз Ішкі істер министрлігі тарапынан, ҚАЖ комитеті мен департамент басшылығы тарапынан марапатталып жатыр. Жинаған тәжірибелеріңіз бен біліктіліктеріңізді ел болашағының  жарқын істеріне бұдан былай да аямай жұмсай береді деп мен сенемін,- деді Теңізжан Нұрмаханұлы.

Бұдан кейін қызметкерлерді марапаттау рәсімі басталды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен «Қылмытық атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалін №69-шы мекеме бастығының кезекші көмекшісі, әділет майоры Мұхиддин Керімбеков өңіріне тақса, ҚР ІІМ-нің «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД штаб бөлімшесінің аға инспектор-кезекшісі, әділет подполковнигі Тимур Есенәлиев марапатталды. Ал ҚР ІІМ-нің «Алғыс хатына» №78-ші мекемесі бақылау қызметі бөлімшесінің бақылаушысы, әділет аға сержанты Нұрбол Пазыл ие болды.

Сонымен бірге, ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының бұйрығымен Шымкент қаласы, Қаратау аудандық пробация қызметі бастығының орынбасары, әділет майоры Дана Сүгірова және ҚАЖД №69-шы мекемесі режим және күзет бөлімінің қызметкері Медет Сырлан ҚАЖ комитетінің марапаттау қағазымен аталып өтті.

Ал, Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының бұйрығымен 6 қызметкер «Қазақстан полициясына 30 жыл» естелік төсбелгісіне ие болып, 45 қызметкер  «Алғыс хатпен» марпатталды, 9 қызметкерге «Алғыс» жарияланды.

Сейтхан Зеберханұлы,

 Шымкент қаласы және

 Түркістан облысы бойынша

ҚАЖ департаментінің

 Баспасөз хатшысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *