Профилактика: «Есірткісіз болашақ» полиция оқушылармен кездесті
Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша «Есірткісіз болашақ» атты арнайы профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шараға Түлкібас АПБ-ның бастығы Б.Сұлтанов оқушыларға «Есірткісіз болашақ» тақырыбында яғни есірткінің зияндығы мен қауіп-қатерін, әлеуметтік желі арқылы синтетикалық есірткі заттарын өткізу сату белең алып бара жатқандығын айта отырып, осы жүйедегі құқық бұзушылықтар үшін белгіленген жауапкершілікті түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін ескертті.
Жиын барысында мамандар есірткі таратушыларды байқаған жағдайда, әрекет ету тәртібі туралы толыққанды көрсетіп, зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақырды. Кездесу соңында мектеп оқушылары көкейіндегі жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алып, өзара еркін пікір алмасты.