Президент Жарлығымен Бас Прокуратураның құрылымы өзгерді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Бас прокуратурасының құрылымын өзгерту туралы Президент Жарлығына қол қойды.
Жарлықта жазылғандай, енді ҚР Бас прокуратурасының құрылымы мынадай болмақ:
— Басшылық;
— Аппарат;
— Cотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметі (жаңа қызмет);
— Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі;
— Қоғамдық мүддені қорғау қызметі;
— Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі (жаңа қызмет);
— Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі;
— Кадрлық жұмыс департаменті (бұрынғы кадрларды дамыту департаменті);
— Өзіндік қауіпсіздік департаменті (бұрынғы ішкі тергеу департаменті);
— Стратегиялық даму департаменті;
— Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаменті;
— Норма шығармашылық қызметін үйлестіру департаменті;
— Жолданымдармен жұмыс және іс жүргізу департаменті;
— Қаржы департаменті;
— Мемлекеттік құпияны қорғау басқармасы;
— Ішкі аудит басқармасы;
— Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы.
Ведомство құрамынан арнайы прокурорлар және қылмыстық қудалау қызметтері алынып тасталған.
Құжатта көрсетілгендей, жарлық қол қойған күннен, яғни 23 мамырдан бастап күшіне енді.