Департамент басшысы елордада департамент басшыларының қатысуымен өткен семинар-кеңеске қатысты

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы. Астана қаласы «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қорында Аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері басшыларының қатысуымен өтетін білім саласының өзекті мәселелері жөніндегі семинар-кеңеске қатысты.

Департамент басшысы Ғалымжан Бауыржанұлы семинар кеңесте білім беру ісінің үздіктері тарапынан әртүрлі тақырыптарда жасалған баяндамаларымен лекцияларды тыңдаса.
Одан кейін, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқармалары басшылары жасаған баяндамаға да қатысты.

Одан бөлек, семинар кеңесте ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев Аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері басшыларымен кездесіп атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде пікір алмасқан.

Өз кезегінде Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Дәуенов Ернұр Нұрланұлы «Аумақтық департаменттер қызметіндегі проблемалық мәселелері туралы» мәселе қозғаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *