Сарыағашта ерте пісетін картоп жиналып жатыр

Сарыағаш ауданының диқандары ерте пісетін картопты жинауға кірісіп кетті.
Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алып отыр.
Биылғы жылы ауданда 10,5 мың га жерде көкөніс өсіріліп отырса, оның ішінде 3,0 га жуық жерде картоп көкөнісі өсірілуде. Аудан шаруалары биылғы жылы мол өнім алуды жоспарлап, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне өз үлестерін қосып отыр.
Ауданның климаттық жағдайының қолайлы болуы себебінен, диқандарға голландиялық картоп түрінің тұқымын өсіру ыңғайлы болып келеді.
Осыған орай, ең көп картоп алқаптары: Жібек жолы, Қабланбек, Дербісек, Жемісті, Ақжар, Құркелес, Жарты төбе ауылдық округтерінде орналасқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *