Төлебиде кәуапқа арналған көмір брикеттері дайындалады

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев Көксәйек ауылдық округіндегі «Sultan briket» көмір брикетін өңдейтін орталықтың жұмыс барысымен танысты.
Орталықта қуырылған және отқа қақталған тағам түрлерін дайындайтын пешке қажетті көмір шығарылады.
Жеке кәсіпкер Өміртай Ешенқұлов 2022 жылдың қараша айынан бастап осы саламен айналысып, күніне 1,5 тонна көмір брикетін шығаруда. Ол брикетті дайындау үшін түрлі сорттағы ағаштарды қолданады. Кәсіпкер ерекше кәсібін жүргізу үшін мемлекеттен 5 млн теңге грант, 20 млн теңге жеңілдетілген несие алған.
Кәсіпкердің жұмысымен танысқан аудан әкімі ауыл халқын жаппай жұмыспен қамтудың негізгі тетігі – шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту екенін ескере отырып, бұл бағытта аудан аумағында атқарылатын жұмыстар көлемі ауқымды болатындығын түсіндірді. Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектерге тоқталып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *