Түркістандықтар асық атудан ел чемпионатында командалық бірінші орынды иеленді

Шымкент қаласында 2003-2006 жылы туған жастар арасында асық атудан ел чемпионаты өткен болатын. Сайыста 12 облыстан келген спортшылар өзара бақ сынасып, нәтижесінде асық атудан Түркістан облысының құрамасы командалық есеппен жеңімпаз атанып, 4 алтын медаль иеленді.
Ұлттық спорт сайысында ерлер арасында Түркістан облысының құрамасы бас жүлдеге ие болса, күміс жүлдені Астана қаласынан келген саңлақтар иеленді. Сондай-ақ, қола жүлде Жамбыл облысының спортшыларына бұйырды.
Бұдан бөлек, әйелдер арасында өткен бес асық сынында Астана қаласының спортшылары жеңімпаз атанды. Ал, түркістандықтар күміс медаль иеленсе, Қостанай облысының құрамасы қола жүлдені қанағат етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *