Өз баласын ұрып-соққан елордалыққа айыппұл салынды

Астана қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен өзінің баласын ұрып-соққан әйел әкімшілік жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құзырлы органның мәліметінше, құқық бұзушылық жасаған әйел екі – бүлдіршіннің анасы. Сотта оның баланы тәрибелеу, білім беру және олардың құқығын қорғау сияқты ата-ана міндетін орындамағаны анықталды.

«2022 жылдың қыркүйегінде К. азаматтық некедегі күйеуімен арадағы кикілжің барысында өзінің қызын ұрып-соғып, денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келтірген. Сотта К. өзінің құқық бұзушылық жасағанын мойындады…

Оның кінәсі көршілерінің куәлік етуімен, полиция қызметкерінің мәліметтері және сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен расталды», — делінген соттың ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Белгілі болғандай, жаза тағайындау кезінде жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ескерілген. Атап айтқанда, кінәні толық мойындау, жасаған ісіне өкіну және ауыр зардаптардың болмауын ескере келе, сот шешімімен әйелге 21 441 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *