Шығыс Қазақстанда 50-ден астам ауылды су басу қаупі бар

Шығыс Қазақстан облысында 50-ден астам ауылды су басу қаупі бар. Бұл туралы бүгін облыстық Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында ШҚО ТЖД өкілдері айтты.

«Өскемен қаласы мен Тарбағатай, Катонқарағай, Зайсан, Ұлан және Күршім аудандарында жердің тоңы 50 см-ден асады. Қар жамылғысының қалыңдығы 8 см-ден (Зайсан ауданы) 87 см-ге дейін (Алтай ауданы) жетіп отыр. Бүгінгі таңда облыс аумағында су басу қаупі бар 14 047 адам тұратын 71 елді мекен анықталды», — дейді департаменттің төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының аға инженері Аяулым Кекиева.

Жергілікті атқарушы органдар жүргізген шаралардың нәтижесінде, 15 елді мекенде қауіп жойылып, 46-сында барынша азайтылды. Яғни, 56 ауылда су басу қаупі әлі де сақталады.

Қалалар мен аудандардың әкімдіктері 140 шақырым каналды және 376 шақырым арықты тазарту және тереңдету жұмыстарын жүргізді. 53 мың дана ыдыс-қап, 2 мың тоннадан астам инертті материал және 251 тонна жанар-жағармай дайындалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *