Полицейлер жылыту батареясын ұрлаған күдіктіні ұстады

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғындардың бірі арызданып, үйіне ұры түскенін хабарлайды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адамдар оның үйіне терезе арқылы кіріп, жылыту батареясын ұрлап кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, полицейлер күдіктілерді іздеуге бірден кірісті.
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Сондай-ақ патрульдік полицейлер күдіктілерді іздеуге бағытталды. Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, бейнебақылау камераларын қарап, куәлардан жауап алды.
Осылайша Түркістан қаласының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде «ізін суытпай» бөтеннің мүлкін ұрлаған күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Ер адам барлық жағдайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *