РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МОТОШАБАНДОЗДАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ
Түркістан облысы Арыс қаласында мотошабандоздар сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Саяси науқанда белсенділік танытқан азаматтар аудан тұрғындарын бірлесе атсалысуға шақырды.
«Қазіргі қоғамда азаматтардың мемлекет өміріне қатысуы аса маңызды. Референдум – халықтың өз позициясын білдіріп, ел болашағына қатысты шешімдерге ықпал етуіне мүмкіндік беретін демократиялық алаң. Әрбір адамның дауысы ортақ шешімнің бір бөлшегі болып саналады. Сол себепті мұндай маңызды саяси оқиғаларға белсенді қатысу – қоғамның бірлігі мен жауапкершілігін көрсетеді. Азаматтардың белсенді ұстанымы мемлекет дамуының маңызды тіректерінің бірі саналады» — дейді қала тұрғыны Ерболат Жанықұлов.
Айта кетейік, Арыс қаласын бойынша 34 референдум учаскесі, 42 840 дауыс беруші бар. Жалпы референдумға облыс бойынша жалпы саны 6 380 комиссия мүшесі тартылған. Комиссия мүшелерінің 97 %-ының референдум және түрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізуде тәжірибесі бар. Сонымен бірге, бақылаушылар да референдум барысын тұрақты қадағалап отыр.
