Полицейлер дрон көмегімен 40-қа жуық жол ережесін бұзған жүргізушіні анықтады
Түркістан облысының полицейлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында заманауи технологияларды тиімді пайдалануда. Соның ішінде қала аумағында пилотсыз ұшу аппараттары (дрондар) арқылы бақылау жұмыстары жүргізілуде.
Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері дронның көмегімен бір тәулік ішінде жалпы 40-қа жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, құқық бұзушыларға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылдады.
Мәселен қала көшелерінің бірінде жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамай, «Тоқта» белгісін елемей өтіп кеткен «Kia» маркалы автокөлік жүргізушісі анықталды. Тәртіп сақшылары оған қатысты заңға сәйкес шара қолданды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
