Полицейлер «Жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік мәселелері» бойынша оқушылармен кездесті

Полицейлер Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы мектеп оқушыларына арналған «Жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік мәселелері» тақырыбында кездесу өткізді.
Іс-шараны полиция бөлімінің Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобы инспекторы Азиза Бекмуратова және аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің сектор меңгерушісі Перизат Мүтәлі ұйымдастырды.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, әлімжеттік, сабақтан себепсіз қалу және беймезгіл уақытта көшеде жүрудің жауапкершілігі туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар оқушылармен тренингтік ойындар өткізіліп, сұрақтар қойылды. Жиын соңында мектеп басшысы келген мамандарға алғыс білдіріп, іс-шараны қорытындылады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *