САУРАН АУДАНЫ МЕН САУАН ҚАЛАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ РЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

 Қытай Халық Республикасының Сауан қаласында Түркістан облысы Сауран ауданының үкіметтік және кәсіпкерлік делегациясының қатысуымен екіжақты ресми кездесу өтті. Іс-сапардың негізгі мақсаты — өзара ынтымақтастықты арттыру, өндірісті дамыту, инвесторлар тарту және екі өңір арасындағы экономикалық, мәдени байланыстарды жаңа деңгейге көтеру болды. Аталған іссапар Түркістан облысы әкімінің тапсырмасы негізінде жүзеге асырылуда.
 Сапар барысында тараптар Сауан қаласының даму тәжірибесін, инновациялық өндіріс саласындағы жетістіктерін, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдау бағыттарын талқылады. Сонымен қатар, өндіріс, туризм және инвестициялық серіктестік салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың мүмкіндіктері қарастырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *