ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС КІТАПХАНАШЫЛАР ФОРУМЫ АЯСЫНДА «КҮЗГІ ЭЛЕГИЯ» АТТЫ ТҮНГІ ПОЭЗИЯ КЕШІ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы облыстық «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында «Серпін-2025» республикалық жас кітапханашылар форумы өтті. Ауқымды шара ерекше рухани әсерге толы жыр кешімен жалғасты. «Түнгі кітапхана» жобасы аясында кітапхана қызметкерлері ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайбергенқызының «Кітапханашы күнделігі» атты кітабынан үзінді оқып, жобаның мәні мен маңызын айшықтады. «Күзгі элегия» поэзия кешінде жас ақындар отты жырларын оқып, тыңдарманның жүрегін тербеді. Шабыт пен өнерге толы жыр кеші қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Шараға түркістандық зиялы қауым өкілдері, еліміздің әр өңірінен келген кітапханашылар арнайы қатысып, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Іс-шара соңында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы қорытынды сөз сөйлеп, кеш қонақтарына алғысын білдірді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *