ТҮРКІСТАН: БИЫЛ 50 МЫҢНАН АСТАМ АДАМҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТӨЛЕНГЕН

Түркістан облысында биыл қаңтар-тамыз айларында 55 252 адамға АӘК тағайындалып, төленген. Осы ретте, кедейлік деңгейі 2,6%-ды құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 1,8%-ға, ал АӘК алушылардың саны 41,7%-ға төмендеген. Өңірде жағдайы төмен азаматтардың табысын арттыру және өмір сүру деңгейін жақсарту жөнінде соңғы 3 жылда кедейлік деңгейін және тиісінше атаулы әлеуметтік көмек санын төмендетудің оң үрдісі байқалған.
Елімізде мемлекетік қолдау шын мәнінде мұқтаж адамдарға көрсетілуі қажет деген міндет қойылған болатын. Осы ретте, облыста FSM Social мобильдік қосымшасы әзірленіп, 2025 жылдың қаңтарынан бастап іске қосылды. Қосымша геолокацияны анықтап, жедел шешім шығару рәсімін оңайлатуға бағытталған. Одан бөлек, АӘК негізсіз төлеу фактілеріне жол бермеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін 2023 жылдан бастап АӘК төлеу Мемлекеттік корпорация арқылы жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, АӘК төлемдерін «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ-ға берумен АӘК тағайындалмаған адамдарға заңсыз қаражат аудару жағдайлары жойылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *