Жолдаудағы рухани құндылықтар мен ұлттық өнерді сақтау міндеті

Түркістан облысында ұлттық мәдениетті дамыту мен рухани құндылықтарды жаңғырту — Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында және Қазақстанның мемлекеттік бағдарламаларында баса назар аударатын маңызды бағыттардың бірі. Осыған орай, 18 маусым күні Ақдала ауылындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Арыс қаласының мақтанышы, терме жанрының жанашыры Қарсыбай Ақтаевты еске алуға арналған облыстық термешілер байқауы табысты өтті. Бұл шара өңірдегі рухани мұраны сақтаудың, ұлттық өнерді насихаттаудың бірегей үлгісі болып табылады.

Ақдала ауылы – өнер мен руханияттың ордасы ретінде тағы бір мәрте танылды. Жақында ауылдағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Арыс қаласының мақтанышы, терме жанрының жанашыры Қарсыбай Ақтаевты еске алуға арналған облыстық термешілер байқауы өтті. Бұл шара — ұлттық мәдениетіміз бен рухани мұрамызды сақтау мен дамытуға бағытталған маңызды оқиға болды. Байқауға Түркістан облысының барлық аудандарынан және Арыс қаласынан келген жыр шеберлері қатысты. Олар өз өнерлерін ортаға салып, терме мен жырдың терең тарихына бойлады. Салтанатты шараға Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдісаттар Жүніс, белгілі ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ Қарсыбай Ақтаевтың шәкірттері мен ауылдастары арнайы келіп, ұлы өнер иесіне деген құрметтерін білдірді. Қарсыбай Ақтаевтың есімін ұлықтау мақсатында ауылдағы Мәдениет үйінде арнайы бөлме ашылды. Бұл – ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығын жастарға үлгі ету, ұлттық өнеріміздің асыл қазынасын келешек ұрпаққа жеткізуге қосылған нақты қадам. Мұндай шаралар Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында көрсетілген мәдениет пен руханиятты қолдау, ұлттық құндылықтарды сақтап дамыту бағытындағы бастамаларды жүзеге асырумен үндеседі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында: «Ұлттық мәдениетті жаңғырту — еліміздің рухани тұтастығын нығайтудағы басты міндеттердің бірі» — деген болатын. Осы орайда, өңірлерде ұлттық мәдени мұраны сақтау, оның ішінде халықтық ән-жыр дәстүрлерін жаңғыртуға ерекше назар аударылуда. Түркістан облысының жергілікті әкімдігі мен мәдениет басқармасы да бұл бағытта белсенді жұмыс істеуде.

Байқау екі кезең бойынша өтті. Әділқазылар алқасы орындаушылардың орындаушылық шеберлігі, мақамдық үйлесімділік және мазмұн тереңдігін бағалап, жеңімпаздарды жариялады. Барлық жүлдегерлерге қаржылай сертификаттар табысталды. Түркістан облысының мәдениет  мамандары мұндай байқауларды жүйелі түрде өткізіп, ұлттық руханиятты жаңғыртуға, мәдениетімізді кеңінен дәріптеуге атсалысады. Осылайша, Мемлекет басшысының мәдени саясаттағы тапсырмаларын сапалы орындауда. Ел басшысының сөзінде айтылғандай, «ұлттық мәдени мұраны сақтау және дамыту — халқымыздың бірлігін нығайтып, болашақ ұрпаққа аманат ету міндеті». Қарсыбай Ақтаевтың рухани әлемі мен өнерін ұлықтау жолындағы облыстық термешілер байқауы – осы міндеттің көрінісі әрі айғағы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *