Қоғамдық көліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды
Түркістан қаласының орталық көшесінде жол көлік оқиғасы орын алды.
Нақтырақ айтсақ, қоғамдық көлік жүргізушісі Б. Саттарханов көшесінде өз бағытымен, бағдаршамның жасыл түсімен келе жатқан. Осы сәтте Жібек жолы көшесіне бұрылып жатқан «Опель Вектра» көлігімен соқтығысып, жол апаты орын алған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім жарақат алмаған. Ал жол ережесін бұзған «Опель Вектра» жүргізушісіне Түркістан қалалық полиция басқармасымен ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша хаттама толтырылды.
Осы ретте облыс полицейлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін сақтауды ескертіп, жылдамдықты асырмауға кеңес береді