САУРАН АУДАНЫНДА ФУТБОЛДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

Сауран ауданында кіші футболдан ашық біріншілік пен аудандық әуесқойлар футбол лигасының жазғы маусымының ашылу салтанаты өтті. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылған. Жиынды аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ашып, қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.
Спорттық жарысқа 12 ауылдық округтен 15 құрама қатысып, тартысты әрі қызықты ойын үлгісін көрсетті. Әр команда өз шеберлігін танытып, аудандық лиганың жаңа маусымын жоғары деңгейде бастады. Мұндай ауқымды спорттық іс-шаралар жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, достық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ аудандағы этносаралық татулықты одан әрі арттыруға ықпал етеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *