ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ «ЕСІГІ» ҚАЙТА АШЫЛДЫ

2025 жылдың 22 сәуірінде сағат 12:00-де Түркістандағы Визит орталығында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің XIV ғасырдан қалған ішкі есігі алғаш рет қалпына келтірілген түпнұсқа күйінде жұртшылыққа ұсынылады. Бұл есік Қазандық залын Қожа Ахмет Ясауи қабірханасынан бөліп тұрған маңызды архитектуралық элемент болып табылады. Жаңғақ ағашынан жасалған, күрделі ою-өрнекпен, сүйек, қалайы, қара ағаш және алыс шетелден әкелінген ағаш түрлерімен әсемделген бұл есік бес жылдық ғылыми-реставрациялық жұмыстардан кейін қалпына келтірілді.
Қалпына келтіру жұмыстарын Алматыдағы «Остров Крым» ғылыми-реставрациялық зертханасының мамандары Крым Алтынбековтың жетекшілігімен жүргізді. Бұл жоба барысында 3D-сканерлеу, рентгенография және нейтронды томография сияқты заманауи технологиялар қолданылды. Жұмыстар басталар алдында есіктің дәл көшірмесі жасалып, уақытша кесенеге орнатылды. Ал түпнұсқа есікті түнгі уақытта ауыстыру арқылы туристерге кедергі келтірілмеді.
Келіңіздер, тарихи сәттің куәсі болыңыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *