Балқаштың суы тек салқындату үшін ғана пайдаланылады
Ел Үкіметі әлемдегі осы саладағы негізгі компаниялардың технологияларын зерделеді. Қысқа тізімге төрт компания кірді: қытайлық CNPC (CPR-1000 реакторы), кореялық KHNP (APR-1400, APR-1000), ресейлік Росатом (ВВЭР-1200) және француздық EDF (EPR-1200).
Біздің ұлттық мүддеміз ескеріле отырып, көптеген параметрлер бойынша конкурс өткізіледі. Бұл ең алдымен қауіпсіздік мәселелеріне, жергілікті жұмыс күші мен материалдарды пайдалануға, жергілікті өнеркәсіпті дамытуға қатысты мәселелер қаралады. Сонымен қатар, жобаларды қаржыландыру схемалары да ескерілетін болады. Бұл қарыз немесе инвестор компанияның тікелей инвестициялары болуы мүмкін.
Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша неғұрлым оңтайлы аумақ ретінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Балқаш көліне жақын орналасқан Үлкен ауылының аумағы таңдалып отыр. Өйткені, еліміздің оңтүстік өңірінде энергия тапшылығы көбірек білінеді.
Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан МАГАТЭ-нің екі миссиясын қабылдады. Бірінші миссия еліміздің атом электр стансаларын салуға, оның ішінде ядролық инфрақұрылымды дамытуға дайындығын бағалады. Екінші миссия аумақты таңдау бойынша зерттеу нәтижелерін бағалады. МАГАТЭ сарапшылары Үлкен ауылы аумағында атом электр стансасын орналастыруға мүмкіндік бермейтін факторлардың анықталмағанын растады.
Егер атом электр стансасы Үлкен ауылында салынса, бұл Балқаштың таяздануына әкеледі деген үрейдің туып отырғаны белгілі. Мамандар сандық көрсеткіштердің мұны жоққа шығарып отырғанын айтады. Атом стансасы Балқаштан табиғи жолмен буланған судың 0,32 пайызын ғана алады. Бұл өте аз әрі көлдегі судың көлеміне әсер етпейді, өйткені Балқаш суының жалпы көлемі өте үлкен.
Сондай-ақ, апат болған жағдайдың өзінде радиацияның көлге түсу қаупі жоқ. Атом электр стансасында екі жабық су контуры бар. Бірінші контур реактормен жанасады және екіншісінен толығымен оқшауланған. Екінші контур – бұл қарапайым су, ол қызады, буланады және энергия өндіру үшін турбинаны айналдырады, содан кейін қайтадан салқындатылады, оның бір бөлігі салқындату мұнаралары арқылы буға айналады. Бұл екі контур ешқашан қиылыспайды.
Балқаштың суы тек салқындату үшін ғана пайдаланылады және радиоактивті заттармен жанаспайды. Сондықтан Балқаш көлі толық қауіпсіздікте және оған ешқандай радиация түспейді.
Атом энергетикасын дамыту үшін Қазақстанда барлық қажетті жағдайдың болуы өте маңызды. Айталық, біз уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшымыз және ядролық отын компоненттерін өндіретін өз өндірісіміз бар. 2023 жылы уран өндіру көлемі 21 мың тоннаны құрады, барланған уран қоры шамамен 900 мың тоннаны құрайды.
Үлбі металлургия зауытында көптеген жыл бойы уран таблеткалары өндіріліп келеді. Мұнда 2021 жылы Қытайға экспортталатын атом электр стансаларына арналған жанармай құрастыру өндірісі басталды. Сонымен қатар, әлемдегі алғашқы БН-350 реакторы Ақтауда табысты пайдаланылды. Көптеген жылдар бойы Ұлттық ядролық орталықта (Курчатов) және Алматыдағы Ядролық физика институтында ядролық зерттеу реакторлары жұмыс істеп келеді. Осы зерттеулердің нәтижелері әлемде жұмыс істеп тұрған атом электр стансаларында практикалық түрде қолданылды. Біздің мамандар тіпті МАГАТЭ-ге консультация береді. Әрі біз олардың әлеуетін пайдалануымыз керек.
Жалпы біздің кадрлық әлеуетіміз орасан және атом энергетикасы саласында жұмыс істеуге дайын мамандар бар. Тек уран шикізатын өндіру мен өңдеуге 17 мың адам жұмылдырылған, зерттеу институттарында 600-ден астам маман жұмыс істейді. Бұл ретте жыл сайын 5 жоғары оқу орнында мамандар даярлануда, білім алушылар саны – 8000 адам. Алматыда Мәскеу физика-техника институтының филиалы ашылды.
Атом электр стансасын салу экономикалық жағынан өсіп-өркендеуімізге жол ашады. Мәселен, құрылыс кезеңінде – 8000 жұмыс орны, ал пайдалану кезеңінде 2000 жұмыс орны ашылады. Атом электр стансасындағы әрбір жұмыс орны аралас салаларда қосымша 10 жұмыс орнын ашады. Сондықтан, біз атом электр станциясын салу қажет екені сөзсіз.
Таджибаев Худайберген Ахматкулович — Манкент а/о ардагерлер кеңесінің төрағасы