Кентауда қоғамдық тамақтану орындарына бақылау күшейтілді

Кентау қаласында қоғамдық тамақтану орындарындағы санитариялық жағдай мен тағам қауіпсіздігіне қатысты түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Жиын қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкеновтың төрағалығымен өтті. Кездесуге Кентау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қатысты. Басқосуда қоғамдық тамақтану орындарында санитариялық талаптардың сақталу деңгейі және тұрғындар денсаулығын қорғау шаралары жан-жақты талқыланды.
Кентау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Н.Рабат қоғамдық тамақтану орындарына қойылатын санитариялық талаптар бойынша баяндама жасады. Ол өз сөзінде тағамның сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір кәсіпкердің де жауапкершілігі екенін атап өтті.
Жиын соңында қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов барлық қоғамдық тамақтану нысандарында жүйелі түрде тексерулер жүргізілетінін және санитариялық талаптардың бұзылуына жол берген кәсіпкерлерге заң аясында шара қолданылатынын қатаң ескертті.
Айта кетейік, мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Қала әкімдігі мен құзырлы органдар қоғамдық тамақтану орындарының қызметін бақылауды тұрақты түрде жүзеге асырып, халықтың денсаулығын қорғау бағытында жұмыстарын күшейтпек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *