АУДАН ОҚУШЫЛАРЫ ЛАГЕРГЕ ДЕМАЛУҒА АТТАНДЫ
Лагерь — оқушылар үшін жазғы демалыстың жарқын көрінісін қалыптастыратын көңілді орта. Мемлекет тарапынан балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жұмыстары жандануда.
Бүгін Түркістан облысы, Түлкібас ауданындағы «Қуаныш» лагерінің бірінші маусымына ауданнан балаларды салтанатты жағдайда шығарып салу рәсімі өтті.
Шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов тиісті сала басшылары, ата-аналар мен оқушылар қатысты.
Шара барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов сөз сөйлеп, демалуға бара жатқан балаларға ізгі тілегін жолдап, ақ жол тіледі. Балалардың жақсы тынығып, лагердегі шараларға белсенді атсалысып, демалысын қызықты әрі көңілді өткізулеріне тілектестігін білдірді.
Айта кету керек, лагердің алғашқы кезеңіне аудандық білім бөлімі тарапынан 100 бала аттанды. Жоспарға сәйкес, барлық кезең бойынша 500 баланы апару көзделуде.