Қайнарбұлақтық қариялар саяси науқаннан шет қалмады

Сайрам ауданында референдум кезіндегі ақ сақалды қариялар мен ақ жаулықты аналар да дауыс беру мүмкіндігінен ешкім шет қалмады. Олардың арасында №555 референдум учаскесінің мүмкіндігі шектеулі сайлаушылары да болды. Бұл азаматтар үйлерінде өз таңдауларын жасады.

Айта кетейік, аудан аумағындағы әрбір сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға толықтай жағдай жасалды. Ол үшін сайлау учаскелерінде 8653 азаматқа арнайы кабиналар, тактильдік төсемелер мен арнайы бұрыштар, тұтқалар және пандустар қойылды. Сонымен қатар, ауданға қарасты 42 елді мекенде 5 инватакси автокөлігінің қызметі аталған азаматтар үшін қызмет көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *