Гүлжайнаның «Інжуінен» тәтілердің түр-түрі табылады

Жетісай ауданы, Асықата кентінің тұрғыны Бекташова Гүлжайна Тұңғышбекқызы былтыр “Агрокредит” несие корпорациясына өз бизнес-жобасын ұсынып, 4 миллион теңге көлемінде несие алған. Қазіргі таңда өзі тұратын Асықата кентінде «Інжу тәттілері» атты кондитерлік цех ашып, халыққа қызмет көрсетуде. Кейіпкеріміз 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ал алғашқы төлемді осы күзде құйып бастайтынын айтады.

Гүлжайна Тұңғышбекқызы өзі секілді кәсіп бастағысы келетін жастарды мемлекеттің жастарға беріп отырған мүмкіндігін тиімді пайдалануға кеңес береді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әйелдердің қоғамдағы рөлін кеңейте түсу – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі» – дей келе әйелдердің кәсіпкерлікпен айналысуына, еңбек құқығының сақталуына жағдай жасауды тапсырды. Елімізде, облысымызда әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, құқықтарын қорғау бағытындағы жобаларға қолдау көрсетілуде. Нәтижесінде кәсіпкер әйелдер саны артып келеді.

Қазіргі таңда көпбалалы аналар саны бойынша Түркістан облысы бірінші орында. Жалпы, алғанда облыс көлемінде 184 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік жұмыс істейді. Осылардың ішіндегі 45 мыңға жуық әйел шағын және орта бизнеске басшылық жасап келеді. «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында КММ-нің өткен жылдың қорытындысы бойынша 1507 бизнес-жоспар жасалған. Аталған бизнес-жоспардың 466-сы – әйелдердің, қыз-келіншектердің идеясы. Сонымен қатар өткен жылға 1007 жоба сүйемелденіп, қаржы қаралған болса, оның 266-сы әйелдер кәсіпкерлігіне тиесілі болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *